ҚР қаржы министрлігі табиғи байлықты пайдаланушыларды тексеруді ретке келтіруді ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрлігі табиғи байлықты пайдаланушыларды тексеруді ретке  келтіруді ұсынуда

ҚР қаржы министрлігі табиғи байлықты пайдаланушыларды тексеруді ретке келтіруді ұсынуда

АСТАНА. 22 қараша . Kazakhstan Today. Қаржы министрлігі алдағы уақытта табиғи байлықты пайдаланушыларды тексерудің барлық түрін "келісілген ретпен жылына бір мәрте өткізуді" жолға қоймақшы. Бұл жөнінде бүгін "Табиғи байлықты пайдаланушыларға салық салу мәселелері" атты "дөңгелек үстел" басында ҚР қаржы министрлігі Салық комитетінің аса ірі табиғи байлықты пайдаланушылармен жұмыс жөніндегі арнаулы бөлім бастығы Дәулет Ерғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 22 Қараша 2006
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Біз табиғи байлықты пайдаланушыларды , жыл бойына алдымен экологтар, сонан соң салықшылар, сосын еңбек жөніндегі инспекторлар тізбектеле келіп тексеретін қазіргі жайтты жойып, тексерудің барлық түрі келісілген тәртіппен өтетіндей құжат әзірлеп жатырмыз»,-дейді Д.Ерғожин.

Аталған құжатта, «табиғи байлықты пайдаланушыларды тексеру жылына бір мәрте барлық тексеру органдардың қатысуымен өткізілетіндігі айтылған».

«Бұл табиғи байлықты пайдаланушының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, және бұл тексерулерді олар үкімет тарапынан жасалып жатқан қысым ретінде қабылдамауы мақсатында жасалып отыр. Себебі әр тексеру органы әр ай сайын келіп тексере бастайды»,-дейді бөлім бастығы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта