Қазақстан президенті Лондондағы қор биржасында сауданың ашылу рәсіміне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Лондондағы қор биржасында  сауданың ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан президенті Лондондағы қор биржасында сауданың ашылу рәсіміне қатысты

АСТАНА. 22 қараша . Kazakhstan Today. Ұлыбританияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондон қор биржасында сауданың ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 22 Қараша 2006
  • 519
Фото - Caravan.kz

«Лондон қор биржасы әлемдегі ірі қорлардың бірі. Онда шамамен 500-ге жуық компания тіркелген. Лондон биржасының басты нарығында қазақстандық төрт компания: «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Қазақмыс» АҚ, «КазахГолд Групп Лимитед», АҚ «»ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өз акцияларын тіркеген.

Қазақстан президенті Лондон-Сити мэрі Джордж Статтардпен кездесіп, «Қазақстан болашаққа жол» атты конференцияға қатысты. Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей , «конференцияға қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбританияның іскерлік орталарының өкілдері екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта