Алдағы он жылда Қазақстан ірі кен орындарын игеруге $30 млрд. тартады, ал ел экономикасы 3,5 есе ұлғаяды - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы он жылда Қазақстан ірі кен орындарын игеруге $30 млрд. тартады, ал ел экономикасы 3,5 есе ұлғаяды - президент

Алдағы он жылда Қазақстан ірі кен орындарын игеруге $30 млрд. тартады, ал ел экономикасы 3,5 есе ұлғаяды - президент

АСТАНА. 23 қараша. Kazakhstan Today. Алдағы он жылда Қазақстанның ірі көмірсутегі кен орындарын игеруге $30 млрд.тартылады, ал ел экономикасы осы кезеңде 3,5 ұлғаяды, деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев Лондонда өткен "Қазақстан болашаққа жол" конференциясында жасаған баяндамасында. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 23 Қараша 2006
  • 679
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан экономикасына тартылған шетел инвестициясының көлемі $500 млрд. асты. Орта Азияға келген тікелей шетел инвестициясының 80% Қазақстанның үлесінде. Біздің экономикамызға әлемнің 60 мемлекеті өз қаражаттарын салды.

Алдағы он жылда елдің ірі мұнай, газ және басқада табиғи байлықтарын игеру үшін Қазақстан тағы да 30 млрд. АҚШ долларын тартуы тиіс»,-деді Н.Назарбаев. Оның айтуынша ішкі инвестиция көлемі қазіргі кезде $20 млрд. кем емес.

Қазақстан «мұнай, газ және басқада табиғи ресурстардан тәуелсіз индустриялық баламалы экономика» құруды ойластыруда, дейді президент. «Бұл тек белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуді емес, экономикалық құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастыруды көздейді. Менің айтып отырғаным, Қосымша құнның жоғары үлесімен өндірісті дамытатын білімге негізделген экономика құру»,- деп атап өтті Елбасы. Н.Назарбаевтың айтуынша, «жаңа стартегия экономиканың өнеркәсіп, ауыл шаруашылық және ғылыми технологиялық салаларының ықпалдасып дамуын көздейді. Оны келешекте жүзеге асыру ел экономикасын алдағы он жыл ішінде 3,5 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді».

Н. Назарбаев , Қазақстан өзінің инвестициялық ахуалын жақсарту бағытында үнемі жұмыс істейтіндігін атап өтті. «Бізде өңдеуші сала ашықтығының Британдық бастамсы жүзеге асырылуда. Бұл бастамаға 46 компания , 52 үкіметтік емес ұйым және Қазақстанның мыңдаған қоғамдық ұйымының мүддесін қорғайтын үкіметтік емес қауымдастық қосылды»,-деді президент.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның экономикалық дамуының сапалы ілгерілеуін тауар, қызмет, еңбек ресурстары, капитал, жаңа идея және технология нарығының негізгі бөлігі ретіндегі ұлттық экономиканың сыртқы әлемге паш етілген жағдайда қамтамасыз етілуі мүмкін» ,-деді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта