Оңтүстік Қазақстан облысында ақ алтын өнімі 455 мың тоннадан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында   ақ алтын өнімі 455 мың тоннадан асты

Оңтүстік Қазақстан облысында ақ алтын өнімі 455 мың тоннадан асты

ШЫМКЕНТ. 23 қараша . Kazakhstan Today.Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 455 мың тоннадан астам мақта жиналды . Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық ауыл шаруашылығы департаментінен хабарлады.

  • 23 Қараша 2006
  • 763
Фото - Caravan.kz

«Үш күннен бері мәлімет жоқ , ал қазіргі санға қарасақ, облыс бойынша жиналған мақта көлемі 455 мың 515 тоннаны құрайды»,-деді ауыл шаруашылығы департамені егіншілік бөлімінің бастығы Сәрсенбек Мырзаев.

Оның ақпараты бойынша, облыс көлеміндегі орташа өнімділік биыл бір гектардан 23,3 центнерді құраған, ал Шардара ауданының мақташылары бір гектар жерден 31,5 центнерден жинаған. Мақта егіншілігімен айналысатын негізгі аудан -Мақтааралда облыс бойынша жиналған өнімнің 55% жиналыпты, олардың орташа өнімділігі 1 гектардан 28,3 центнерді құраған.

Ауыл шаруашылығы департаментінің мәліметіне қарағанда, өткен жылы облыста мақта өнімі 464 мың тонна болған, ол кезде орташа өнімділік бір гектардан 23,1 центнер болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта