Аграрлық партия кезектен тыс өткен съезде "Отан" партиясымен бірігуге дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аграрлық партия кезектен тыс өткен съезде "Отан" партиясымен бірігуге дауыс берді

Аграрлық партия кезектен тыс өткен съезде "Отан" партиясымен бірігуге дауыс берді

АСТАНА. 23 қараша. Kazakhstan Today. Қазақстанның аграрлық партиясы Астанада өткен кезектен тыс съезінде "Отан" республикалық саяси партиясымен бірігуге дауыс берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасап.

  • 23 Қараша 2006
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бұл шешімді съезд делегаттары түгелдей қолдап дауыс берді.

Аграрлық партияның 130 мүшесі бар.

Бүгінгі таңда «Отан» партиясы Қазақстандағы ең қуатты саяси партия санатында. Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылдың маусым айында «Отан» партиясының кезектен тыс съезінің делегаттары «Асар» партиясымен бірігуге дауыс берген болатын. 10 қарашада Қазақстанның Азаматтық партиясы «Отан» партиясымен бірлесуге ниет білдірген.

Қазақстанның аграрлық партиясы съезінде айтылғандай, алдыңғы қатарлы төрт партияның бірігу нәтижесінде қалыптасқан альянсты «шынайы халықтық» деп есептеуге болады». Осыған байланысты съезде осындай саяси бірлестікке жаңа атау беру туралы ұсыныс айтылды.

2005 жылы қыркүйекте «Отан», «Асар», Азаматтық және Аграрлық партиялары желтоқсан айында өтетін президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау үшін құрылып жатқан Халықтық коалиция құрамына кірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта