2006 жылдың республикалық бюджетінің жоспарланған 1 трлн. 682 млрд. 916,6 млн. теңге кірісінің күтілген орындалуы 1 трлн. 779 млрд. 992,1 млн. теңгені құрайды.
Республикалық бюджет шығысы 1 трлн. 703 млрд. 945,4 млн. теңге болса, жоспарға сай орындалуы 1 трлн. 692 млрд. 523,5 млн. теңге, немесе 99,3% құрайды.
Таза бюджетті несиелеу 16 млрд. 758,3 млн. теңге немесе жоспарға сай 103,1% құрайды , қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдо — 90 млрд. 350,7 млн. теңгені, немесе жоспарға сай 101,6% құрайды.
Несие көлемі 214 млрд. 848,5 млн.теңгені құрайды. Несиені өтеу көлемі 95 млрд. 881,7 млн. тенгені құрайды, бұл 19 млрд. 305,4 млн. тенге бюджет тапшылығын өтеуге мүмкіндік береді. Қараша айында жоспар бойынша ішкі қарыздар түсімінің 11 млрд. теңге , желтоқсан айында 32 млрд. 400 млн . теңге болса, 2007 жылдың 1 қарашасында республикалық бюджеттің қалыс бөлігі 112 млрд. 141,3 млн. теңгені құрайды. 2006 жылы Ұлттық қордан кепілденген трансферт тартылмайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті