Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы 3 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы 3 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы 3 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды

ТАРАЗ. 23-қараша. Kazakhstan Today. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Бақытәли Жетібаев 3 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҰҚК-нің облыстық департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қараша 2006
  • 370
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Б.Жетібаев 21-қарашада шұғыл іздестіру шараларының барысында өзінің жұмыс бөлмесінде ұсталды.

Қазірде оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің аса ірі көлемде пара алу жөніндегі 311-бабы, 4-тармағы, «в» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Баспасөз қызметі департамент төрағасының қандай жағдайда және кімнен пара алғанын нақтылаған жоқ. Бір белгілісі, Б.Жетібаевқа әзірге айып тағылмаған, тұтқындауға рұқсат берілген жоқ. Ол қазір ІІД-нің уақытша тергеу абақтысында отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта