Үкіметте "Электронды үкіметті" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте "Электронды үкіметті" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өтті

Үкіметте "Электронды үкіметті" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өтті

АСТАНА. 23-қараша. Kazakhstan Today. Кеше үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен "Электронды үкіметті" қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша кезекті кеңес өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қараша 2006
  • 634
Фото - Caravan.kz

Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі 2007 жылға арналған жоспар-кестемен жан-жақты танысқан соң, үкімет басшысы осы іс-шараны іске асыру «Электронды үкіметтің» барлық мемлекеттік бағдарламасының болашағын анықтайтынын атап өтті.

Мамандардың деректері бойынша, келісі жылдың соңына дейін 590 мың адам компьютер жөніндегі сауатын тегін арттырады. Олар — мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеменің жұмысшылары, әскерилер, балалар үйінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ бюджеттік емес саланың жұмысшылары мен өзге де санаттағы азаматтар.

2007 жылдың өзінде «жазғы мектептер» жұмысына 1000-ға жуық оқытушы мен 2000 студентті тарту жопарланып отыр. Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы міндетін атқарушы Қуанышбек Есекеевтің мәлімдеуінше, компьютерлік сауаттылық дәрістерін бітіргендерге куәлік беріледі, «Халықтық компьютер» жобасы аясында 36 мың теңгеге компьютер сатып алуға жол ашылады. Бұдан басқа, ақпараттық ресурстарға тең құқықпен қол жеткізу үшін азаматтар қоғамдық желілерді пайдаланулары мүмкін.

Биылғы жылы ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі 460, ал келесі жылы 726 ақпараттық дүңгіршектер қоюды жоспарлап отыр. Олар желілік интернет жүйесіне қосылады. Баяндамамен танысқаннан кейін премьер-министр агенттікке оқуға тартылатын адамдардың санын арттыру үшін кең көлемде түсінік жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Белгіленген мерзімге сәйкес, осылайша мемлекеттік бағдарламаның бірінші «ақпараттық» кезеңі биылғы жылы аяқталады. Бүгінде «Электронды үкімет» веб-порталы құрылды, биылғы жылдың аяғына дейін 900-ден астам ақпараттық қызмет көрсетілетін болады.

«Ведомствоаралық электронды құжат айналымы» бағдарламасы жемісті жұмыс істей бастады, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасын, Астана қаласында бірыңғай көлік ортасын және Астана -3 D геоақпараттық жүйе бағдарламасын құру жұмыстары жүзеге асырылу үстінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта