Оқыс оқиға 24-қараша күні кешке «Райымбердиев» атындағы шахтада болған. Қаза тапқандардың мәйіттерін Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің бірінші тау-кен құтқарушылар взводының әскерилері 220 метр тереңдіктен тауып алған. Алдын-ала мәліметке сәйкес, адамдар адам өміріне қатерлі газдан улану салдарынан мерт болған.
Қаза тапқандардың аты-жөні анықталды. 23-39 жас аралығындағы бұл адамдардың бәрі де Қырғызстанның Баткен ауданы Ляйляк ауданының тұрғындары. Олардың үшеуі шахтада істемейтін болып шықты. Қазір оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті