Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір әйел анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір әйел  анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір әйел анықталды

ШЫМКЕНТ. 27-қараша. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір әйел анықталды, ол індет жұқтырған баланың анасы деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Қараша 2006
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Өткен аптада ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір әйел анықталды. Сөйтіп қазір облыста індет жұқтырған тоғыз әйел тіркеліп отыр»,- деді Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина агенттік тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ВИЧ індетін жұқтырған әйел қайталап тексеру нәтижесінде анықталған. «Алғашқы тексеру кезінде бұл әйел «сұрғылт топ» деп аталатын топқа қосылғанға ұқсайды»,- деді Н.Бабина.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 81 бала мен 9 әйел анықталды. Облыстық денсаулық сақтау департаменті ВИЧ індетіне тексеруден өтетін адамдардың аясын кеңейте түсуге шешім қабылдады. Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау департаметнінің басшылығы медицина қызметкерлеріне ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 2002-жылғы 11-шілдедегі «Адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтыру дерегі анықталғанын медициналық куәландыру тәртіптерін бекіту туралы» № 575 бұйрығын қатаң орындау қажеттігін ескертті. Онда науқастарды аурудың клиникалық белгілеріне қарай міндетті түрде тексеруден өткізу қажеттігі міндеттелген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта