ЕурАзЭҚ елдерінің сақтандыру саласындағы қадағалау органдары жетекшілерінің отырысы Тәжікстанда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ елдерінің сақтандыру саласындағы қадағалау органдары жетекшілерінің отырысы Тәжікстанда өтеді

ЕурАзЭҚ елдерінің сақтандыру саласындағы қадағалау органдары жетекшілерінің отырысы Тәжікстанда өтеді

АЛМАТЫ. 27-қараша. Kazakhstan Today. 28-қарашада Душанбеде ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы сақтандыру саласындағы қадағалау және реттеу органдары жетекшілері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қараша 2006
  • 369
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс барысында кеңестің іс-қызметіне қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралады. Атап айтсақ, күн тәртібінде ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің ұлттық заңнамасын сақтандыру компанияларының іс-қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі халықаралық принциптермен сәйкестендіру жөніндегі келісімнің жобасын талқылау қарастырылған.

Сонымен бірге ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің сақтандыру компанияларының тиімді сақтандыру жүйелері мен тәуекелдерді қайта сақтандыру тұжырымдамаларының жобасы мен ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдерде сақтандыру қызметіне лицензия беру саласындағы заңнамасын өзара үйлесімге келтіру жөніндегі нұсқаулардың жобасы сарапқа салынады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта