Новосибирскіде құрамында екі қазақстандық азамат болған халықаралық есірткі сатушы топ құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Новосибирскіде құрамында екі қазақстандық азамат болған халықаралық есірткі  сатушы топ құрықталды

Новосибирскіде құрамында екі қазақстандық азамат болған халықаралық есірткі сатушы топ құрықталды

ПАВЛОДАР. 27 қараша. Kazakhstan Today. Новосибирскіде құрамында екі қазақстандық азамат болған халықаралық есірткі сатушы топ құрықталды,-деп Kazakhstan Today агенттігіне Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік қызметінің Новосибирск облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Қараша 2006
  • 393
Фото - Caravan.kz

Жүргізілген арнайы операция кезінде Тәжікстанның үш, Қазақстанның екі азаматы қолға түскен,-деп хабарлайды Ирина Зеброва.

Баспасөз қызметінің деректерінше, қылмыскерлерден қараша айының бас кезінде Қазақстаннан Новосибирскіге пияз тиелген жүк машинасымен жөнелткен героиннің ірі көлемді партиясы тәркіленген. » Тауарды әрқилы сүрлеу жолдармен жеткізбек болған, алайда есірткі діттеген жетіне жетті-ау дегенде Ресейдің Федералдық Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің қолына түсті,-деп түсініктеме берді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Есірткі тасымалдаушылардың қолындағы сөмкеде героин салынған 20 дорба, ал көліктерінен тағы да екі дорба табылды. Есірткінің жалпы салмағы 22 кг. «Сарапшылардың айтуынша, есірткінің сапасы аса жоғары, Ауғанстан героині»,-дейді Зеброва.

Осы іс бойынша қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жұмысының тәртібі бойынша қолға түскендердің аты-жөні жарияланбайды. «Аса ірі көлемде есірткі заттарды алдын-ала келісіп тасымалдағаны үшін Ресей, Тәжікстан, Қазақстан азаматтары жауапқа тартылады»,-деді баспасөз қызметіндегілер.

Енді ресейлік қарсы барлаушылар осы бағыттағы есірткі тасымалдайтын жолды түбегейлі жою үшін қызметтерін одан әрі жалғастыруда. Бұл жол Қазақстан жері арқылы да өтеді дейді Федералдық Қауіпсіздік қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта