Алматылық тәртіп сақшылары екі жарым келідей есірткі тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматылық тәртіп сақшылары екі жарым келідей есірткі  тәркіледі

Алматылық тәртіп сақшылары екі жарым келідей есірткі тәркіледі

АЛМАТЫ. 27-қараша. Kazakhstan Today. Алматы қалалық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері өткен аптаның сенбі және жексембі күндері 1,5кг марихуана мен 1кг-ға жуық гашиш тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Қараша 2006
  • 378
Фото - Caravan.kz

Есірткі тасымалдаушыны жедел іздестіру бөлімі жігіттері түнгі сағат бірлер шамасында Әуезов ауданының аумағында құрықтады. 40 жастағы азамат есірткіні тұтынушыларына өз үйінен сатқан.

Сол күні түнгі үштерде Медеу ауданына қарасты «Думан» ықшам ауданында 32 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны 1кг гашишті сатып жатқан жерінде ұсталды. Қазір ұсталғандар тергеу аяқталғанша уақытша қамауға алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта