Гонконгте желтоқсанның ортасында "Қазақстандағы инвестициялық ахуал" атты халықаралық бас қосу өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гонконгте желтоқсанның ортасында "Қазақстандағы инвестициялық ахуал" атты халықаралық бас қосу өткізіледі

Гонконгте желтоқсанның ортасында "Қазақстандағы инвестициялық ахуал" атты халықаралық бас қосу өткізіледі

АЛМАТЫ. 27-қараша. Kazakhstan Today. 12-13-желтоқсанда Гонконгте "Қазақстандағы инвестициялық ахуал және Гонконгтің инвестициялық мүмкіндіктері" атты халықаралық бас қосу өткізіледі. Бұл туралы инвестицияларға қолдау көрсету жөніндегі "Қазинвест" орталығынрың баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Қараша 2006
  • 377
Фото - Caravan.kz

Бұл бас қосу Қазақстан мен ҚХР-ның арнаулы әкімшілік ауданы — Гонконг арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға, екі елдің жеке меншік компаниялары арасында байланыс орнатуға, нақты келісімдерге қол қоюға, сондай-ақ, қазақстандық компанияларды Гонконг қор биржасының листингінде тіркеуге мүмкіндік бермек.

Форумға Гонконгтің әлемге танымал компаниялары, соның ішінде «Hutchison», «New World», «Citic Group», «Stanley Ho Ltd», «PCCW» т.б қызығушылық танытуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта