Спорттық нысандарды салу мен жаңалауға республикалық бюджеттен 722,2 млн. доллар бөлу көзделген. Ал жергілікті бюджеттен 218,4 млн. доллар жұмсалмақшы. Олимпиада ауылы мен тау шаңғысы спортының орталығын салуға 480 млн. доллар көлемінден инвесторлар қаржысы тартылмақ.
Бұған қоса 2010-2011-жылдарға арналған республикалық бюджеттерден Азиялық ойындарды тікелей өткізуге, еліміздің спорт өкілдерін дайындау мен қатысуына қаржы бөлу межеленген.
Қ.Әйтекеновтың айтуынша, Алматыда өтетін қысқы Азиялық ойындарға 17 елден 800-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Сонымен бірге 700-дей жаттықтырушы, 1000 -дай БАҚ өкілі, қызмет көрсетуші 1500 адам қатысады деп күтілуде. Жарыстар 11 спорт түрі бойынша өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті