Ақтөбеде жеті адам, соның ішінде төрт шетел азаматы көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жеті адам, соның ішінде төрт шетел азаматы  көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты

Ақтөбеде жеті адам, соның ішінде төрт шетел азаматы көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты

АСТАНА. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today. Ақтөбеде жеті адам, соның ішінде төрт шетел азаматы көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2006
  • 360
Фото - Caravan.kz

Мәселен, заречный ауылындағы жеке меншік үйде 18 -42 жас аралығындағы төрт Өзбекстан азаматы көмірқышқыл газынан уланды. Оқыс оқиғаға көмір жағатын пештің ақауы себеп болған.

Ақтөбенің басқа бір ауданында, Деповская көшесінің бойындағы көп пәтерлі үйде үш адамнан тұратын отбасы ыстанып қайтыс болды. «Қайғылы оқиға тұрмыстық газ жабдықты дұрыс пайдаланбау салдарынан болған»,- дейді министрліктегілер.

Алматыда үш адам көмірқышқыл газынан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Оқыс оқиға Думан ықшам ауданындағы жеке меншік үйде пештің ақауы салдарынан болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта