Қазақстанның парламенттік делегациясы адам қауіпсіздігі жөніндегі форумға қатысу үшін Жапонияға аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның парламенттік делегациясы адам қауіпсіздігі жөніндегі форумға қатысу үшін Жапонияға аттанды

Қазақстанның парламенттік делегациясы адам қауіпсіздігі жөніндегі форумға қатысу үшін Жапонияға аттанды

АСТАНА. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері Орал Мұхамеджанов бастаған өкілдер адам қауіпсіздігі жөніндегі парламенттік форумға қатысу үшін Жапонияға аттанды. Ол 4-5-желтоқсанда Токиода өтеді, деп хабарлайды мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі.

  • 1 Желтоқсан 2006
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Токиода өтетін парламенттік форумның басты тақырыбы — адам қауіпсіздігі мәселелері, адам қауіпсіздігі мәдениетін тарату мен дау-дамайлардың алдын алудағы парламентшілер ролі туралы болмақ»,- делінген хабарламада.

Бас қосуда мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов Қазақстанның адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі туралы баяндама жасайды деп күтілуде.

Парламентшілердің жыл сайынғы форумы 112 елден 1300 заң шығарушы мен екі аймақтық парламентті біріктіреді.

«Бас қосу аяқталғаннан кейін Жапония парламенті өкілдер палатасындағы әріптестерімен парламентаралық ынтымақтастық аясын кеңейту үшін палата президенті Й.Коно мырзамен және Жапонияның Қазақстанмен парламенттік достық лигасының атқарушы хатшысы Т.Кавамурамен кездесулер межеленген»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мәжіліс аппаратының ақпаратына сәйкес, Жапонияға барар жолда Қазақстандық парламентшілер Сеулде аз уақыт аялдап, онда Қазақстан өкілдерінің жетекшісі Корея Республикасы Халықтық ассамблеясының төрағасы Ли Че Чжонмен кездеседі. Онда тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта