Алматы облысында алма бақтарын бес жылда қалпына келтіру бағдарламасы орындалмай қалуға байланысты жаңасы қайтадан жасалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында алма бақтарын бес жылда қалпына келтіру бағдарламасы орындалмай қалуға байланысты   жаңасы қайтадан жасалуда

Алматы облысында алма бақтарын бес жылда қалпына келтіру бағдарламасы орындалмай қалуға байланысты жаңасы қайтадан жасалуда

ТАЛДЫКОРҒАН. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы облысында апорт бақтарын қалпына келтіру бағдарламасы 2000-2005 жылдары жүзеге асуы қажет болатын. Ол аяқсыз қалып, енді бақтарды дамытуды көздейтін жаңа бағдарлама қолға алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне облыс әкімшілігінен хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2006
  • 497
Фото - Caravan.kz

«2000-2005 жылдар аралығында 630 гектар жаңа апорт бақтары өсірілуі тиіс болғанымен 537 гектар аумаққа ғана алма түптері отырылғызылған»,-дейді агенттік тілшісіне берген сұхбатында облыс әкімі Серік Үмбетов.

Әкімнің айтуынша, бағдарламаның орындалмауына басты себеп — алманың осы түрінің «биологиялық ерекшелігінде». Үмбетов «апорттың таралуына тосқауыл себептерді» де тізіп көрсетті, олар: апорттың кеш жеміс беруі, жеміс ағашының өскелеңдігі (бұл оны баптап, өсіруді және жемістерді жинауға қиындық туғызады), ылғыл сүйгіштігі. Бұған қоса әкім апорт «жаман сақталады», дейді.

Алайда қазіргі кезде жеміс бақтарын дамытуға бағытталған «Бақтарды жандандыру және Алматы облысында апорт өсіру» жөнінде жаңа бағдарлама жасалып жатыр,деді әкім.

2009 жылға дейін бағдарлама орындалса, жеміс беретін жерлердің көлемі 17 мың га немесе 2006 жылмен салыстырғанда 239 гектарға ұлғаймақ. Ал жаңа отырғызылатын апорт түптері жоспар бойынша 371 га алып жататын болады»,-деп хабарлады С.Үмбетов. Әкімнің болжамынша, 2009 жылы апорттан келетін жалпы өнімнің көлемі егер гектарынан 34,5 центнерден келсе, бұл шамамен 60 мың тоннаға жетпек.

Бұл ретте аймақ басшысы өткен ғасырдың 70 жылдары Алматы облысында апорт бақтарының көлемі 15 мың гектардан асқанын еске салды. «Апорт алмалар кезінде шет елдерге жіберіліп, халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерде жүлдеге ие болған»,-деп атап өтті әкім.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта