ОҚО тағы да бір кедендік бекет " бір аялдама прринципі" бойынша жұмыс істемекші - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО тағы да бір кедендік бекет " бір аялдама прринципі" бойынша жұмыс істемекші

ОҚО тағы да бір кедендік бекет " бір аялдама прринципі" бойынша жұмыс істемекші

ШЫМКЕНТ. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы "Қапланбек" кеден бекеті "бір аялдама" принципі бойынша жұмыс істейтін болды, -деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2006
  • 491
Фото - Caravan.kz

Бүгін жаңартылған кеден кешенінің ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров, Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы Садырхан Насыров, ОҚО әкімі Өмірзақ Шүкеев пен облыстағы бақылаушы органдардың басшылары қатысты.

ОҚО бойынша жол көлік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада «енді кеден бекетінде барлық бақылау органдарының өкілдері орналасады» деп көрсетілген.

ОҚО ЖКК баспасөз қызметінің мәліметтерінше, «Қапланбек» кеден бекеті Қазақстан мен Өзбекстан арасында тауар тасымалдауға ең қолайлы өткел ретінде қарастырылуда. Бұл бекет арқылы жылына 22,5 мың автокөлік өтеді. Сонымен қатар мұнда мыңға жуық кедендік декларациялар толтырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта