Үкіметте елімізге контрафакт өнімдерді әкелуге қарсы күрес мәселелері талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметте елімізге контрафакт өнімдерді әкелуге қарсы күрес мәселелері талқыланды

Үкіметте елімізге контрафакт өнімдерді әкелуге қарсы күрес мәселелері талқыланды

АСТАНА. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін үкімет басшысы Даниал Ахметов пен индустрия жәнре сауда вице-министрі Асқар Баталовтың кездесуінде елімізге контрафакт өнімдерді әкелуге қарсы күрес мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 1 Желтоқсан 2006
  • 469
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында біртұтас идентификациялық маркаларды пайдалану арқылы санаткерлік меншікті қорғау жайы талқыланды. Олар өнімдерге, соның ішінде оның республика аумағы арқылы қозғалысына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде үкімет басшысы контрафакт өнімдерге қатысты жұмыстар бойынша қадағалаушы органдардың іс-әрекеттеріндегі қайшылықтарды атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша индустрия және сауда министрлігіне осы бағыттағы жұмыстарды пәрмендендіруге тапсырма берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта