Оңтүстік Қазақстан облысы Өзбекстанға Ұлттық қазақ кітапханасының қорын қалыптастыруға көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысы Өзбекстанға Ұлттық қазақ кітапханасының қорын қалыптастыруға көмектеседі

Оңтүстік Қазақстан облысы Өзбекстанға Ұлттық қазақ кітапханасының қорын қалыптастыруға көмектеседі

ШЫМКЕНТ. 1-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысы Өзбекстанға Ұлттық қазақ кітапханасының қорын қалыптастыруға көмектеспекші, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 1 Желтоқсан 2006
  • 436
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің директоры Баһадүр Нарымбетовтың Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында хабарлағанындай, қазақ диаспорасының өтінішімен Ташкентте Ұлттық қазақ кітапханасы ашылды. «Біз осынау игілікті істі қолдауға ұйғардық»,- деді Б.Нарымбетов.

Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында кітап жинау шарасы басталды. Ол 14-желтоқсанға дейін созылады. «Біз барлық оңтүстік қазақстандықтарды шара атсалысуға шақырамыз»,- деді ол.

Б.Нарымбетовтың айтуынша, «Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің басшылығы қазірдің өзінде қазақ авторларының мыңдаған томдарын сатып алды. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат департаменті ауғандық ардагерлермен бірлесіп 600-ден астам қазақ кітаптарын жинауды көздеп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта