ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің қаржы-экономикалық саясат жөніндегі кеңестің үшінші мәжілісі барысында он шақты шешімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-қа  мүше мемлекеттердің қаржы-экономикалық саясат жөніндегі кеңестің үшінші мәжілісі барысында он шақты шешімге қол қойылды

ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің қаржы-экономикалық саясат жөніндегі кеңестің үшінші мәжілісі барысында он шақты шешімге қол қойылды

АЛМАТЫ. 1желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің қаржы-экономикалық саясат жөніндегі кеңесінің үшінші мәжілісі барысында он шақты шешім қабылданып, қол қойылды. Бұл жөнінде журналистемен өткен брифингте Ресей Федерациясының экономикалық даму және сауда министрі Герман Греф мәлімдеді.

  • 2 Желтоқсан 2006
  • 420
Фото - Caravan.kz

Г. Грефтың айтуынша, мәжіліс барысында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыру мәселелері талқыланды. «Бүгін он шақты шешімге қол қойылды. Көптеген маңызды мәселелер шешімін тапты»,-деді ол.

«Біз бүгін алда атқарылатын шаралардың реті жөнінде келістік, Ресей, Қазақстан және Беларусь мемлекеттерінің Біртұтас экономикалық кеңістік негізінде кедендік одақ құру жөніндегі бірқатар құжаттарды дайындау мерзімі туралы келісімге қол қойдық»,-деп атап өтті Г.Греф.

Г.Греф «сонымен қатар , біз осыған дейін сарапшылардың әзірлеген құжаттар жиынтығын барынша қысқартатын боп шештік. Біз бұл құжаттарды біртұтас кодталған актіге сыйғызуға тырысамыз, егер олай болмаса , онда келісімдердің санын онға дейін кемітеміз. Біз осы жұмыстардың кестесі туралы келістік»,-деді.

Сондай ақ , мәжіліс кезінде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер ДСҰ қосылу мәселесін де талқылады. «Біз ақпарат алмасу, ұйымға қосылу кезінде ықпалдасу мәселелерін қарастырдық, бұл Ресей, Қазақстан және Беларусьқа ғана қатысты емес, ЕурАзЭҚ-қа мүше өзге мемлекеттерге де қатысты» ,-деді Г.Греф.

Оның ақпараты бойынша, бүгінгі отырыс кезінде келесі 2007 жылы Казаньда(Ресей) өтетін мәжілісте қандай мәселелер күн тәртібіне енетіні айқындалды. Г.Грефтың сөзіне қарағанда келесі мәжіліске ЕурАзЭҚ-қа бақылаушы мемлекеттер — Армения, Молдова және Украина елдері қатысады.

«Кездесу барысында біз екі бағдарламаны тыңдаймыз, ол біртұтас көлік логистикалық жүйесін құру және ЕурАзЭҚ мүше мемлекеттер аумағында жүзеге асыруға болатын жобалар. Екіншісі, ортақ электр қуатын өндіруді көздерін құру үшін потенциалдық мүмкіндіктерді пайдалану жобасы»,-деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта