Баспасөз қызметі хабарлағандай, «форумның басты тақырыбы : адамзат қауіпсіздігі және XXI ғасыр қаупі, бейбітшілік орнату мен заңның ықпалы, халықаралық қылмыстардың алдын алу, халықаралық қылмыстық сот қызметіне шолу жасау, заң шығару саласындағы реформалар мен аталған салалардағы парламентшілер ролі» .
«Форумның қорытындысы бойынша Токио қарары қабылданады деп күтілуде»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.
Осыған деін хабарланғандай, форумға әлемнің 55 елінің парламент депутаттары мен спикерлері, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, ғылыми зерттеу институттарының мамандары , БАҚ өкілдері қатысуда.Қазақстан делегациясын парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастап барды. Ол форумда «Адамзат қауіпсіздігі және XXI ғасыр қаупі» деген тақырыпта баяндама жасайды.
Форумға қатысушылар мен қонақтар арасында БҰҰ мемлекеттік хатшысының қарусыздану мәселелері жөніндегі орынбасары Нобуаки Тонака, БҰҰ мемлекеттік хатшысының арнайы кеңесшісі Нафис Садик және басқалар бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті