В.Дудниктің айтуынша, аттестацияның алғашқы кезеңі — мемлекеттік медицина мекемелері басшыларын тестілеуден өткізу ҚР үкіметінің «Денсаулық сақтау саласында аттестация өткізу тәртібі жөніндегі» 2004 жылдың 21 қаңтарындағы №60 қаулысына сәйкес, және 2006 жылы 28 қыркүйекте үкімет басшысының қатысуымен өткен кеңестің хаттамасына сай өткізілді. Тестіні және аттестация өткізу технологиясын ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсетуді бақылу жөніндегі комитеті жасады.
Аттестацияның тестілеу кезеңі Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік медициналық академиясының төрт компьютер класында 28-29 қарашада өткізілді.
Заңға сәйкес, аттестацияның алғашқы кезеңінен сүрінбей өткен 76 адам, біраз уақыттан кейін екінші кезеңнен өтуі тиіс, ол сөйлесу түрінде өтеді. В.Дудник компьтерлік тестілеуден өте алмаған мекеме басшылары, заңға сәйкес, қызметтерінен босатылатындығын ескертті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті