Келісімнің мақсаты — Алматыдағы хореграфиялық училищенің білім беру кешенін материалдық- техникалық тұрғыда жабдықтау болып табылады.
Жобаны жүзеге асыру — еңбек нарығында сұранысқа ие орта кәсіби білімі бар хореграфиялық өнер саласы мамандарын дайындауды жетілдіре түсуге септігін тигізеді.
Қазақстан үкіметі мен Жапония үкіметі арасындағы келісімге 2006-жылдың 14-наурызында Астанада қол қойылған.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті