«Біз осы жылды табысты аяқтадық»,- деді Н.Әбіқаев. Мемлекетіміздің саясаты мен экономикамызды модернизациялау жылы болды»,- деді ол. «Ал парламентке келсек, еліміздегі реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету саласындағы өз міндетімізді қазір біз орындап отырмыз»,- деді спикер.
2007-жылы парламенттің алдында тағы да аса маңызды міндеттер тұр, деді жетекші. «Елімізде әкімшілік реформалардлы жүзеге асыру мақсаты тұр. Мемлекеттік комиссия ауқымды жұмыстарды тындыруда. Соған сәйкес біз де саяси реформаларға, экономиканы либерализациялауға байланысты заңнамаға үлкен өзгерістер енгізуге тиіспіз. Біз оған дайынбыз»,- деді сенат төрағасы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті