Семейде гепатиттің А түрі тіркеліп, 60 адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде гепатиттің А түрі тіркеліп, 60 адам ауруханаға жатқызылды

Семейде гепатиттің А түрі тіркеліп, 60 адам ауруханаға жатқызылды

СЕМЕЙ. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Семейде гепатиттің А түрі тіркелді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семейдің балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлімше бастығы Фарида Кабдуллина хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2007
  • 461
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханасында 60-тан астам семейлік емделуде. Олардың 45-і 25-35 жас аралығындағы азаматтар және 10-ы балабақша және мектеп жасындағы балалар. «Бұл вирус әрбір 5-7 жыл сайын бас көтеріп тұрады. Алдағы екі жылда гепатиттің етек алу қаупі бар»,- деді Ф. Кабдуллина.

«Қазір науқастар өз ауруларын асқындырып барып келуде, әсіресе бұл жасы үлкен адамдарға ауыр тиеді», — деді ол.

Ф. Кабдуллинаның сөзіне сүйенсек, гепатиттің А түрі — бұл ішек індеті, ол кәдімгі тұмау сияқты басталады. «Температура көтеріліп, бас ауырады, тіптен адам лоқсуы да мүмкін. Сосын сарғая бастайды»- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті