Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев П.Лехтомякидің сапары 8-12 қаңтар аралығына жоспарланып отырғанын хабарлады. «Министрдің Астанаға сапарының мақсаты — екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды кеңейтуге саяды»,- деді ол.
Сонымен қатар, осы сапар барысында «ФинПро» деп аталатын Орта Азиядағы жалғыз финлияндиялық сауда орталығын ашу және де екі ел іскерлерінің қатысуымен Қазақстан-Финляндия бизнес-форумын өткізу жоспарланып отырғандығын СІМ өкілі хабарлады.
Дипломат Финляндияның ең жоғары дамыған мемлекеттердің бірі екендігін және экономиканың әртүрлі саласындағы ең озық және инновациялық технологияларды игере отырып, әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің ғаламдық рейтингінде екінші орын алатындағын және басқа да әлеуметтік-экономикалық рейтингілер бойынша көшбасшы ел екендігін еске сала кетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті