«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 9-бабына сәйкес ҚР президенті Ақмола облысының Целиноград ауданының әкімшілік орталығы Астана қаласының Көктал кентінен Целиноград ауданының Малиновка ауылдық округінің Малиновка ауылына көшіруге жарлық шығарды.
Сонымен қатар, Қазақстан үкіметіне 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін аталмыш жарлықты жүзеге асыруға қатысты қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті