«Күннің суытуы мұздың екінші рет қатуына әкеп соқтырды»,- деп түсіндіреді департамент қызметкері. Бүгін, Санжар Аспандияровтың ақпараттарына сүйенсек, сеңнің оң жақ шеті Қармақшы ауданының аумағы бойынша, Жаңажол ауылының маңынан өтіп барады. Сең жақын күндері Қазалы ауданындағы ең қауіпті аумаққа жетеді. Мұндағы мұздың қалыңдығы 50 сантиметрден асады.
Жағаны шайып кету қаупіне байланысты Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктен жиналған мобильді отряд жоғары дайындық үстінде.
Сонымен қатар, Арал — Сырдария бассейіндік сушарушалық басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, қазір Шардара су қоймасында (Оңтүстік Қазақстан облысы) 4 млрд текше метрден сәл астам су жиналған, ал жобалық көлемі 5,2 млрд текше метрге тең. Қазір Сырдарияның бас жағынан секундына 709 текше метр су келсе, ал төменгі сағаға қарай секундына 200 текше метр су жіберілуде. Облыстағы магистральдық арналар секундына 57,9 текше метр өзен суын алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті