Маңғыстау облысында жер телімдерін таратуда 4,7 мыңдай заң бұзушылықтарға жол берілген - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жер телімдерін таратуда 4,7 мыңдай заң бұзушылықтарға жол берілген - прокуратура

Маңғыстау облысында жер телімдерін таратуда 4,7 мыңдай заң бұзушылықтарға жол берілген - прокуратура

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысында жер телімдерін таратуда 4,7 мыңдай заң бұзушылықтарға жол берілген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі Маңғыстау облыстық қадағалаушы мекеменің тұрғын үй және жер заңнамасы саласындағы прокурорлық тексерулер қорытындысы бойынша таратқан хабарламасында айтылған.

  • 14 Наурыз 2007
  • 593
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, мемлекеттік мекемелердің іс-қызметіндегі заңдылықты қадағалау басқармасы төрағасының орынбасары Надежда Кужинскаяның айтуынша, анықталған заң бұзушылықтардың 2,6 мыңнан астамы жер телімдерін беруге, 600-ден астамы кезек тәртібін бұзуға, 1,4 мыңнан астамы басқа да заң бұзушылықтарға, соның ішінде жер телімдерін беру жөніндегі шешімдердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс іс-қызметі жөніндегі заңнамалардың талаптарына сай келмеуіне байланысты.

Прокуратураның мәліметінше, Ақтау қалалық әкімшілігінде жүргізілген тексеру қорытындысы көрсеткендей, мұнда заңды немесе жеке тұлғаның жер телімін бөлу жөніндегі әрбір екінші өтініші заңда белгіленген мерзімді өрескел бұза отырып қаралған.

Қалалық әкімшіліктен жеке баспана тұрғызуға бөлінген 180 жер телімінің 90 пайыздан астамы кезекті бұзу арқылы, соның ішінде «Ұлы Отан соғысының ардагерлері» атты тізімді де бұзу арқылы бөлінген.

Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура 8 таныстыру, 25 қарсылық жасап, 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті