Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен Африка мемлекеттерінің екі азаматы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен Африка мемлекеттерінің екі азаматы құрықталды

Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен Африка мемлекеттерінің екі азаматы құрықталды

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен Африка мемлекеттерінің екі азаматы құрықталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлімдеді.

  • 14 Наурыз 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Астана қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті мен Астана қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлесе отырып, африкалық екі азаматтың алаяқтық дерегін анықтады»,- деді А. Кәрімов. Оның сөздеріне сүйенсек, Гана мен Камерун азаматтары Астана тұрғынына жасанды банкнот бланктерін сатпақ болған.

«Олар болашақ «аларманмен» танысып, оны өздерінің қонақ үйдегі бөлмелеріне шақырып, ол жерде мөлшері нағыз ақшамен бірдей, белгілері бар таза бланктер көрсететін болған. Оны белгісіз химиялық ертіндімен өңдегеннен кейін бланктер 50 евроға айналған-мыс. Аларманға осындай купюра беріп, айырбастау бөлімшесіне жіберген, онда ақша нағыз купюра ретінде қабылдаған»,- деп түсіндірді департамент бастығы.

А. Кәрімовтың сөздеріне сүйенсек, сатып алушымен «Астанаға 200 мың евро көлемінде осындай бланктер әкелу туралы келісімге қол жеткізілген». «Бланктердің Қазақстанға дипломатиялық арналармен үшінші бір тұлға арқылы жеткізілетіндігіне сендіре отырып, олар өздерінің қызметі үшін 2200 евро талап еткен»,- деп қосты ол.

Қаржы полициясының мәліметтеріне сүйенсек, тергеу «ақиқатында үшінші тұлғаның жоқ екендігін» анықтаған. А. Кәрімов айтып өткендей, сондай-ақ, жауап алу барысында ұсталған шетелдіктер жасанды ақшаны аларманның көзінше нағыз купюраға ауыстырып үлгергендерін мойындаған, сөйтіп сатып алушының айырбастау бөлімшесіне осы купюрамен барғындығы белгілі болды.

Сондай-ақ, А. Кәрімов ұсталғандардың тұрған жерлерінен «АҚШ доллары мен евро сияқты үш бума ақша макеттері, сонымен қатар қырынан қарағанда суреті нақты көрінетін 50 долларлық банкноттардың көлеміне сәйкес келетін, өңделген қағаздар салынған конверт» табылғандығын хабарлады. «Сондай-ақ, йод пен әйнек ыдыстарға құйылған көп мөлшердегі белгісіз ерітінді тәркіленді»,- деп қосты ол.

Ұсталғандардың осы тектес қанша аялаяқтық әрекетке талпыныс жасағаны туралы сауалға қаржы полициясы департаментіндегілер нақты жауап бере алмады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті