ҚР қаржы министрлігі банкроттық мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізуді жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрлігі банкроттық мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізуді жоспарлауда

ҚР қаржы министрлігі банкроттық мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізуді жоспарлауда

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. ҚР қаржы министрлігі банкроттық мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР қаржы министрлігінің баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Мәдина Қойшыманова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Наурыз 2007
  • 520
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылы қаржы министрлігі банкроттық мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бастама көтереді»,- деді баспасөз хатшысы.

Атап айтсақ, қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетін банкроттық саласындағы біртұтас уәкілетті орган ретінде заңнамалық деңгейде бекіту межеленген.

Заңнамада кредиторлар үшін де, борышкерлер үшін де бірқатар ынталандыру тетіктерін қарастыру көзделген. Атап айтсақ, стратегиялық кәсіпорындар үшін сауықтыру мерзімін ұзарту, сауықтыру шарасын қолдануға құжаттар тапсыру тәртіптерін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді жою. «Сауықтыру процедурасынан өтіп жатқан, бірақ,қажетті материалдық, қаржылық және еңбек ресурстары бар ұйымдарға мемлекеттік сатып алу процестеріне атсалысуға мүмкіндік беріледі»,- деді М.Қойшыманова.

Сонымен бірге оның айтуынша, жеке кәсіпкерлер, ұйымдардың қожайындары мен жетекшілеріне қасақана және жалған банкроттық жариялағаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейту көзделген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті