Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы қатысушы елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы қатысушы елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы  жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасайды

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы қатысушы елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасайды

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы ұйымға қатысушы елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасайды. Бұл туралы бүгін Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының үшінші отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында комиссия төрағасы Иван Матеров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 14 Наурыз 2007
  • 510
Фото - Caravan.kz

«Біз әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасамақшымыз. Онда бейбіт және соғыс уақытында қарулы күштер саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету форматтары қамтылады»,- деді И.Матеров.

«Біздің болжауымызша, бағдарлама 2015-жылы аяқталуға тиіс. Әрине, әріқарай ол ұзартыла беретін болады»,- деді ол. Комиссия төрағасының айтуынша, бұл бағдарлама комиссияның былтыр Бішкекте өткен екінші отырысы кезінде талқыланған.

«Комиссияның шешімімен барлық елдер 30-сәуірге дейін бағдарламаның жобасын жасауға қатысты өз ұсыныстарын хатшылыққа таныстыруға тиіс»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті