Шымкентте "Южполиметалл" кәсіпорнында 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте "Южполиметалл" кәсіпорнында 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Шымкентте "Южполиметалл" кәсіпорнында 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Шымкентте "Южполиметалл" кәсіпорнында 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Наурыз 2007
  • 417
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, 19 -наурызда 3 сағат 57 минутта рафинация цехында биіктігі 2 метрлік электротермикалық пештің трансформаторы жанған. Жалын 500 шаршы метр аумаққа жайылды. Бірақ оттың ғимарат шатырына ден қоюына жол берілген жоқ.

Қазір оқыс оқиғаның себептері мен материалдық шығын көлемі есептелуде. Өрт 4 сағат 53 минутта шоғырландырылып, 6 сағат 4 минутта сөндірілді. Өрт сөндіру шарасына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 46 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті