Банктердің жиынтық активтері 2007-жылдың қаңтар айында 2,7% азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктердің жиынтық активтері 2007-жылдың қаңтар айында 2,7% азайды

Банктердің жиынтық активтері 2007-жылдың қаңтар айында 2,7% азайды

АЛМАТЫ. 20-қаңтар. Kazakhstan Today. Банктердің жиынтық активтері қаңтар айында 236,0 млрд. теңгеге (-2,7%) азайып, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 8 636,0 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен хабарлады.

  • 20 Наурыз 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

2007 жылғы 1 ақпанда банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы 2007 жылғы қаңтарда 15,9 млрд. теңгеге немесе 1,36 %-ға азайып 1 176,8 млрд. теңге болды.

Банктердің несиелік портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) қаңтар айында 2 25,2 млрд. теңгеден (-0,4%) 5 966,6 млрд. теңгеге дейін азайды.

2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктердің кредиттік портфелінің құрылымында стандартты кредиттердің үлесі 53,1%, күмәнді — 45,2, %, үмітсіз — 1,7% болды. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша стандартты кредиттердің үлесі 52,6%, күмәнді — 45,8%, үмітсіз — 1,6% болды.

Капиталдың есепті күнге баламалық көрсеткіштері k1 — 0,1; k2 — 0,15 болды (2007-жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша: k1 — 0,09; k2 — 0,15).

Банктердің заңды және жеке тұлғалардан (банктерді және халықаралық қаржы ұйымдарын қоспағанда) тартқан салымдарының жалпы сомасы өткен аймен салыстырғанда 0,5%-ға өсе отырып, 4 740,8 млрд. теңге болды, заңды тұлғалардың салымдар сомасы 0,1%-ға төмендеп, 3 678,0 млрд. теңге болды, ал жеке тұлғалар салымдарының сомасы ай ішінде 2,8%-ға өсе отырып, 1 062,8 млрд. теңгені құрады. Арнайы тағайындалған еншілес ұйымдардың салымдары ай ішінде 7,4%-ға ұлғайып, 1 672,7 млрд. теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктер кірістерінің жиынтық сомасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 117,2%-ға өсіп, 2007 жылғы 1 ақпанда 112,3 млрд. теңге болды. Шығыстар сомасы өткен жылмен салыстырғанда 101,6%-ға өсіп, 92,3 млрд.теңге болды.

Банктердің бөлінбеген таза кірісі (өтелмеген шығыны) 13,9 млрд.теңге болды, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңінің көрсеткішінен 131,7%-ға жоғары.

2007 жылғы қаңтарда банк заңнамаларын бұзғаны үшін банктерге орындауға міндетті 3 ұйғарым, 1 міндеттеме хат шығарылды.

2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республиканың банк секторында 33 екінші деңгейдегі банк, олардың 14-і шетелдің қатысуымен (Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерінің 9 еншілес банкін қосқанда) қызмет етуде.

2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сот шешімімен 12 банк мәжбүрлеп таратылу процесінде болып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті