2007 жылғы ұаңтарда ипотекалық компаниялардың кредиттік портфелінің мөлшері 3,3%-ға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылғы ұаңтарда  ипотекалық компаниялардың кредиттік портфелінің мөлшері 3,3%-ға өсті

2007 жылғы ұаңтарда ипотекалық компаниялардың кредиттік портфелінің мөлшері 3,3%-ға өсті

АЛМАТЫ. 20-қаңтар. Kazakhstan Today. 2007 жылғы 1 ақпанда ипотекалық компаниялардың кредиттік портфелінің мөлшері 107,9 млрд. теңге болды, бұл 2007 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіштен 3,5 млрд. теңгеге немесе 3,3%-ға көп болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінен хабарлады.

  • 20 Наурыз 2007
  • 464
Фото - Caravan.kz

2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ипотекалық компаниялардың жиынтық кредиттік портфелі құрылымында стандартты кредиттер үлесі 92%, күмәнді — 7,8 және үмітсіз — 0,2%. Ипотекалық компаниялардың кредиттік портфелі 2007 жылғы 1 қаңтарда былай болды: стандартты- 93,8%, күмәнді — 6,0%, үмітсіз — 0,2%.

Есепті айда ипотекалық компания қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің өсуі байқалды. 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық активтер сомасы бір айда 2,9%-ға өсіп, 130,3 млрд. теңге болды, жиынтық міндеттемелер 3,3%-ға өсе отырып, 102,1 млрд. теңгеге жетті, меншікті капитал мөлшері 1,8%-ға арта отырып, 28,2 млрд. теңге болды.

2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, республиканың қаржы рыногында 10 ипотекалық компания, қолданыстағы лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 16 ұйым қызмет істейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті