Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматтарынан ірі көлемде контрабандалық ақша мен есірткі тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық  шекарашылар Өзбекстан азаматтарынан ірі көлемде контрабандалық ақша мен есірткі тәркіледі

Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматтарынан ірі көлемде контрабандалық ақша мен есірткі тәркіледі

АСТАНА. 20-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Өзбекстан азаматтарынан контрабандалық 17 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақша мен есірткі тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 20 Наурыз 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

Баспасөз ықзметінің ақпаратына сәйкес, қазақ-өзбек шекарасындағы «Жібек жолы-авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде шекарашылар жасағы Өзбекстаннан Қазақстанға бет алған екі Өзбекстан азаматын ұстады. «Олардың бірінен тексеру барысында 5 грамм героин салынған дорба табылса, екіншісі өз денесіне 17 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны жапсырып алған екен»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұсталғандар құжаттарын рәсімдеуден кейін Сарыағаш қалалық қаржы полициясына табысталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті