Алматыда құқық қорғау органдары, прокуратура және арнайы қызмет өкілдері тергеу органдары жұмысына қатысты мәселелерді талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда құқық қорғау органдары, прокуратура және  арнайы қызмет өкілдері тергеу органдары жұмысына қатысты мәселелерді талқылады

Алматыда құқық қорғау органдары, прокуратура және арнайы қызмет өкілдері тергеу органдары жұмысына қатысты мәселелерді талқылады

АЛМАТЫ. 5 сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда құқық қорғау органдары, прокуратура және арнайы қызмет өкілдері тергеу органдарының жұмысына қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 5 Сәуiр 2007
  • 637
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық прокуратурасының бастамасымен ұйымдастырылған қалалық прокуратура мен тергеу органдары қызметкерлерінің жалпықалалық кеңесінде тергеушілердің кәсіби біліктілігін арттыру, тергеу нәтижелілігі мен барлық құқық қорғау органдары күштерін үйлестіру проблемасы талқыланды.

Алматы қаласының прокуроры Жақсыбек Байтүкбаевтың пікірінше, қылмыстың ашылу санының ұлғаюына қарамастан, тергеу органдарының жұмысы қанағаттанарлық емес. «Тергеу мерзімі ұзаруда, соттардың кері қайтарып жатқан қылмыстық істері артып барады, ақталғандар саны жыл сайын тұрақты»,-деді Д.Байтүкбаев. Айтуынша, «жазаға тартылғандар санының азайғанымен, тергеу изоляторлары тергеу амалдарының аяқталып, сот үкімін күтіп отырғандарға лық толы».

Алматы прокурорының пайымдауынша, қылмыс жасаған адамды анықтап, айып таққанға дейінгі аралықтағы тергеу жұмыстарын қысқартып, сот тергеуін ұзарту қажет. «Алдын ала тергеу амалдарына тергеу бөлімшелері тарапынан ведомствалық бақылаудың әлсіздігі де кері әсер етуде»,-деді Д.Байтүкбаев.

Алматы ІІД бастығы Ерлан Тұрғымбаев тергеушілердің жұмыстары жыл өткен сайын қиындап бара жатқанын атап өтті. «2006 жылы бір тергеуші 54 қылмыстық істі жүргізген, ал жалпы республика бойынша орташа алғанда бір тергеушіге 35 қылмыстық істен келеді»,-деді ол.

Экономикалық қылмыстармен және жемқорлықпен күрес департаментінің бастығы Владимир Курбатовтың пікірінше, тергеушілердің мәртебесін көтеру, материалдық жағдайын жақсату және техникамен қамтамасыз ету керек.

Кеңес соңында Алматы қаласының барлық құқық қорғау және арнайы органдары қызметкерлеріне үндеу қабылданды. Атап айтқанда, құжат «қатарларынан

шендеріне кір келтіріп жүрген арсыз қызметкерлерді аластатуға; қылмыстық іс туралы арыз бен хабарлама түсіп, істі сотқа жібергенге дейінгі кезеңде қылмыстық процессті тергеу барысында заңды белден баспау; заңның басты қағидаларының орындалуын және оның негізгі принципі -қылмыс жасағаны үшін жазадан бұлтартпауды қамтамасыз етуге шақырады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті