Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі валютаны елден заңсыз алып шығуға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі валютаны елден заңсыз алып шығуға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды

Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі валютаны елден заңсыз алып шығуға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды

АСТАНА. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі валютаны елден заңсыз алып шығуға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 5 Сәуiр 2007
  • 424
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтау әуежайында, «Ақтау-авиа» өткізу бекетінде шекарашылар Ақтау-Баку бағытындағы рейспен ұшуға келген Қазақстан азаматын ұстады. «Тексеру кезінде оның заттарының арасынан декларацияда көрсетілмеген 26 970 АҚШ доллары мен 8270 Ресей рублі шықты»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шекарашылар істі «Ақтау-авиа» кеден бекетінің қызметкерлеріне берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті