Павлодар іргесінде бір жарым жасар бүлдіршін трактордың дөңгелегі астына түсіп қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар іргесінде бір жарым жасар бүлдіршін  трактордың дөңгелегі астына түсіп қаза тапты

Павлодар іргесінде бір жарым жасар бүлдіршін трактордың дөңгелегі астына түсіп қаза тапты

ПАВЛОДАР. 10-сәуір. Kazakhstan Today. Павлодар іргесінде бір жарым жасар бүлдіршін трактордың дөңгелегі астына түсіп қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қайғылы оқиға Кенжекөл ауылдық округінің Долгое ауылында кеше кешке 17 сағатта болған. Кабинада отырған бес жасар бала түрлі тетіктерді қозғау арқылы МТЗ-80 тракторын жүргізіп жіберу салдарынан техника сол маңда ойнап отырған бір жарым жасар бүлдіршінді басып кеткен, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полициядағылардың хабарлауынша, жарақат салдарынан бала бірден қаза тапқан. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұзылған трактордың иесі — қаза тапқан баланың әкесі көрінеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті