Шымкентте көп қабатты сегіз паркинг салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте көп қабатты сегіз паркинг салынады

Шымкентте көп қабатты сегіз паркинг салынады

ШЫМКЕНТ. 10 - сәуір. Kazakhstan Today. Шымкентте көп қабатты сегіз паркинг салынады. Бұл туралы журналистерге облыс орталығының бас сәулетшісі Бақыт Әшірбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 10 Сәуiр 2007
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Көп қабатты көлік паркингтері қаланың сегіз жеріне салынады»,- деді Бақыт Әшірбаев. Оның айтуынша, келешектегі көп қабатты көлік тұрақтары орналасатын жерлер — бұл «Шымкент» мегаорталығы, Жоғарғы базар, «Бозарықтағы» базар, теміржол вокзалы, «Бекжан» базарының алды, «Төменгі Отырар», Орталық стадион, ескі қала.

Бас сәулетшінің сөздеріне сүйенсек, тұрақтар инвесторлардың есебінен салынады. «Ғимарттарды салуға бюджеттен бір теңге де шығын шықпайды»,- деп атап көрсетті ол. Мамандардың пікірінші, кәсіпкерлер үшін бұл бизнес пайдалы, себебі бұған шығатын жалпы шығын тұрғын үйлерге кететін шығыннан айтарлықтай аз, ал машинаға арналған орындарға сұраныс көп.

Бақыт Әшірбаев тұрақтардың бес — алты деңгейлі болатындығын хабарлады. Жобалардың арасында «карусель» үлгісіндегілер де бар — эстакада тоқсатылы болатынын және де тұрақ кешені еуропалық стандартқа сай салынатындығын түсіндіріп өтті.

Қаланың бас сәулетшісінің айтуынша, ең алдымен қазір салынып жатқан «Шымкент» мегаорталығының жанында 150 орындық жер асты паркингі салынады.

Қазіргі уақытта Шымкентте қоғамдық тұрақтар жоқтың қасы. Жол полициялары орталық көшелердің бойындағы заңсыз тұрақтарды алып, қатаң тәртіп орнатқаннан бері жақын маңайдағы көп қабатты үйлердің аулалары көлікке толып қалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті