Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам мерт болып, бесеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам мерт болып, бесеуі жараланды

Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам мерт болып, бесеуі жараланды

АСТАНА. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында жол апатынан төрт адам мерт болып, бесеуі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz

Апат Қазығұрт ауданында Амангелді-Жаңабазар автожолының 3-ші шақырымында кеше кешке болған. Мекеем ақпаратына сәйкес, «ВАЗ-21099» автокөлігінің жүргізушісі «УАЗ-469» көлігімен соғысты. Апат салдарынан «Жигули» жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында опат болды. «УАЗ» жүргізушісі мен екі көліктегі тағы төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті