Мекеме ақпаратына сәйкес, Кентаудағы нөсер 24-наурыздан бері екі аптаға созылған. «Соның салдарынан қала ішінде бұрындары қазылған ұңғылар мен су асты көздерінен келетін су көлемі ұлғайған. Жер асты суының деңгейі ең жоғарғы көрсеткіш — 444,3 метрге жетті»,- делінген хабарламада.
Соның салдарынан «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «Южполиметалл» ӨК АҚ базасы, сондай-ақ, 200-дей тұрғын үй мен шаруашылық жайлары су ішінде қалды.
Қазір коммуналдық қызметтер оқиға орнында тасқынға қарсы шаралар қолдануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті