Қазақстан Республикасының 16-шы футбол чемпионатының төртінші турынан кейін "Жетісу" мен "Ертіс" алға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Республикасының 16-шы футбол чемпионатының төртінші турынан кейін "Жетісу" мен "Ертіс" алға шықты

Қазақстан Республикасының 16-шы футбол чемпионатының төртінші турынан кейін "Жетісу" мен "Ертіс" алға шықты

АЛМАТЫ. 16 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының 16-шы футбол чемпионатының төртінші турынан кейін "Жетісу" мен "Ертіс" алға шықты.

  • 16 Сәуiр 2007
  • 629
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, суперлиганың көшбасшылары чемпионат матчында жеңіске жетті. Өскеменде Талдықорғанның «Жетісу» құрамасы «Восток» құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Шабуылшы Рүстем Усманов екі гол соғып, командасына жеңіс сыйлады (22-ші және 62-ші минуттарда).

Павлодарлық «Ертіс» өз алаңында шымкенттік «Ордабасын» 1:0 есебімен ұтты, қақпаға жалғыз допты 18 жастағы Ғалым Ибраев (15) соқты.

Еліміздің чемпионы «Астана» өзінің екінші жеңісін ұстап қалды. Бұл жолы Астана алаңында «Тараз» командасы 0:2 есебімен жеңіліске ұшырады. Тараздықтардың қақпасына соғылған доп иелері Антон Чичулин (49) мен Александр Сучков (64).

Алматыда Кубок иегері — «Алматы» мен вице-чемпион — «Ақтөбе» командалары кездесті. Ақтөбеліктерге 1:0 есебімен жеңісті өзбекстандық қорғаушы Алексей Николаев әкелді.

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Руслан Балтиев өзінің Қазақстанға қайтқаннан кейінгі екінші голын соқты. Оның 80-ші минуттағы пенальтиден соққан добы қостанайлық «Тобыл» командасына жеңіс әкелді. Олар Қызылорданың «Қайсарынан» 1:0 есебімен басым түсті.

Маусымдағы бірінші жеңісін петропавлдық «Есіл-Батыр» мен «Атырау» командалары тойлады. Петропавлда алматалық «Қайрат» командасы жергілікті құрамаға жол берді (0:2), олардың қақпасына соғылған доптың иелері Алексей Данаев (70) пен Рафаэль Уразбахтин (78).

Көкшетауда «Атырау» командасы матчтың соңғы минутында жергілікті «Оқжетпес» командасын тізе бүктірді. Есепті алаң иелері ашып, Валерий Пастухов (56) ерекшеленген болатын. Бірақ, украиндық Захар Башняк (77) пен Бейбіт Татишев (90 — пенальтиден) «Атырау» командасына жеңіс сыйлады.

Екібастұздағы «Екібастұздықтар» мен қарағандылық «Шахтер» командалары кездескен матчта гол соғылмады. Кездесу қорытындысы — теңбе — тең (0:0).


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті