ФИФА құрамаларының кезекті рейтингінде футболдан Қазақстан құрамасы 27 орынға көтеріліп, 116-шы орында тұрақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ФИФА құрамаларының кезекті рейтингінде  футболдан Қазақстан құрамасы 27 орынға көтеріліп,  116-шы  орында тұрақтады

ФИФА құрамаларының кезекті рейтингінде футболдан Қазақстан құрамасы 27 орынға көтеріліп, 116-шы орында тұрақтады

АЛМАТЫ. 19 сәуір. Kazakhstan Today. ФИФА ұлттық құрамаларының кезекті рейтингінде футболдан Қазақстан құрамасы өткен айда 27 орынға жоғары көтеріліп, 116-шы орынға тұрақтады. Бұл туралы агенттікке Қазақстан Футбол Федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 19 Сәуiр 2007
  • 551
Фото - Caravan.kz

«Бұл қазақстандық футболшылардың Сербия құрамасын биыл Алматыда наурыздың 24-і EURO 2008 іріктеу матчында 2: 1 есеппен жеңгенінен кейінгі жағдай»,-деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, ҚФФ EURO 2008 іріктеу турнирінің алғашқы ондығына енген командалар тізімін жариялады. Тізімде 1) Италия, 2) Аргентина, 3) Бразилия, 4) Франция, 5) Германия, 6) Нидерланды, 7) Португалия, 8) Англия, 9) Испания, 10) Чехия тұр.

Ал қазақстандықтардың тікелей бәсекелестері мынандай орындарды иемденді. 21) Польша, 32) Сербия, 45) Финляндия, 59) Бельгия, 103) Азербайджан, 127) Армения»,-деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті