Үкімет атаулы әлеуметтік көмек көрсету әдістемесін жетілдіре түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет атаулы әлеуметтік көмек көрсету әдістемесін жетілдіре түсуде

Үкімет атаулы әлеуметтік көмек көрсету әдістемесін жетілдіре түсуде

АСТАНА. 7-мамыр. Kazakhstan Today. Республика үкіметі атаулы әлеуметтік көмек көрсету әдістемесін жетілдіре түсуде. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкіметтік сағатта еліміздің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Мамыр 2007
  • 550
Фото - Caravan.kz

«Қазір үкімет атаулы әлеуметтік көмек көретуге қатысты көзқарасты жетілдіре түсуде. Оны халықаралық стандарттарға жақындату талабына байланысты қазір ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтау , кедейлікті бағалау және көмек көрсетілуге тиіс табалдырықты айқындау әдістемелерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда»,- деп мәлімдеді Г.Қарағұсова.

Сонымен бірге «әлеуметтік қызметтер жүйесін дамытуға және тізімді ұлғайту жұмыстарына тартуға, жеке кәсіпкерлікке көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасын көтеруге арналған құқықтық база қалыптастырылуда».

Министрдің айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты көзқарастар аясында «осындай көмекке деген мұқтаждық, көмек мөлшері мен оның тиімділігін айқындауға» қатысты мәселелерді жетілдіру қажет.

«Ұсынылған жұмыстан және қоғамдық жұмыстарға қатысудан, оқыту мен қайта оқытудан бас қарту оқиғалары жиі кездеседі. Мәселен, Астанада жұмыссыздардың 87% ұсынылған жұмыстан бас тартса, Қарағанды облысында — 36%, Маңғыстау облысында — 29%, Қызылорда облысында 22% бас тартқан»,- деді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, «кедейлік көбінесе әлеуметтік тәуекелдерге, әлеуметтік осалдыққа және төтенше жағдайларға байланысты орнайды». «Өкінішке орай бұған қоса өңірлерде кез-келген мемлекеттің тұрақтылығына қатер төндіретін маргиналдық топтар бар»,- деді Г.Қарағұсова. «10,5 мың отбасы үш жылдан бері жүйелі түрде атаулы әлеуметтік көмек алып келеді. Бұл олардың осы үш жылда жергілікті атқарушы билік органдарының күш-жігеріне қарамастан, сол деңгейде қалып қойғанын көрсетеді»,- деді министр.

Осыған байланысты Г.Қарағұсова атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты жаңа көзқарастар әрбір көмекке зәру азаматтың сұранысына және талдауға негізделетін болады деді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті