Қостанайда ағаш шеберханасындағы өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда ағаш шеберханасындағы өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды

Қостанайда ағаш шеберханасындағы өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 14-мамыр. Kazakhstan Today. Қостанайда ағаш шеберханасындағы өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Мамыр 2007
  • 312
Фото - Caravan.kz

Өрт сенбіден жексенбіге қараған түні бір жеке меншік цехта шыққан. «250 шаршы метр аумақта шатыр мен қосалқы шаруашылық жайы өртенді»,- деп хабарлайды мекеме. Қосалқы шаруашылық жайындағы өртті сөндірген кезде 1960 жылы туған күзетші мен 32 жастағы әйелдің мәйіттері табылды.

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндірушілері 4 сағаттан астам уақыт жұмсады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті