2007 жылы Қазақстанда 77,2 млрд кВт электр қуатын өндіру жоспарлануда - энергетика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Қазақстанда 77,2 млрд кВт электр қуатын өндіру жоспарлануда - энергетика министрі

2007 жылы Қазақстанда 77,2 млрд кВт электр қуатын өндіру жоспарлануда - энергетика министрі

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. 2007 жылы Қазақстанда 77,2 млрд кВт электр қуатын өндіру жоспарлануда, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 8 пайызға артық. Бұл туралы бүгін үкіметтің селекторлық кеңесінің барысында Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Алмасадам Сатқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 15 Мамыр 2007
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Жылдық жоспарға сәйкес республикада электр қуатын тұтыну 6 пайыздық өсіммен 76 млрд кВт; өндіру — 8 пайыздық өсіммен 77,2 млрд кВт; экспорт — 111%, 4,1 млрд кВт; Ресей Федерациясынан және Орта Азия елдерінен импорт — 2,8 млрд кВт, немесе өткен жылмен салыстырғанда 72 пайызды құрап отыр», — деді А. Сатқалиев.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы төрт айындағы тұтыну мөлшері өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 7%-ға өсіп, 27 млрд кВт-ты, өндіру — 27,6 млрд кВт-ты құрап отыр. «Экспорт 1,3 млрд кВт-ты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 34% өсті, Ресей Федерациясынан импорт 30 пайызға өсіп 600 млн кВт, Орта Азиядан — 91 пайызға өсіп 200 млн кВт-ты құрады», — деді вице-министр.

Ол сондай-ақ осы төрт айдағы тұтыну көлемінің ең қарқынды өсуі Алматы энерготорабында 6%, Ақмола облысында — 14%, Солтүстік Қазақстан облысында — 11,4% және Маңғыстау облысында — 14,8% болғандығын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті