Қазақстанда бразилиялық капоэйра сайыс өнері бойынша алғашқы халықаралық фестиваль-семинар аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда  бразилиялық капоэйра сайыс өнері бойынша алғашқы халықаралық фестиваль-семинар аяқталды

Қазақстанда бразилиялық капоэйра сайыс өнері бойынша алғашқы халықаралық фестиваль-семинар аяқталды

АЛМАТЫ. 15 мамыр. Kazakhstan Today. Алматыда 13 мамыр күні Қазақстанда алғашқы бразилиялық капоэйра сайыс өнері бойынша халықаралық фестиваль-семинар аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 15 Мамыр 2007
  • 613
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандағы капоэйра федерациясы» қоғамдық бірлестігінің басшысы Рүстем Балабаевтың мәліметіне сәйкес, фестиваль-семинарда Алматы мен Ақтөбеден 70 спортшы қатысқан. Семинардың соңғы күні «батизаду» (арнау) мен «троко ди корду» (белбеу ауыстыру) рәсімдері өтті.

«Мен спорттың бұл түрінен қазақстандықтарда үлкен әлеует бар екенін көріп тұрмын. Сіздердің спортшыларыңыз жаңа білімдерді тез игереді , ерекше нәтижеге жеткісі келеді. Менің табысым — бұл менің шәкірттерімнің табысы. Қазақстанда менің ісім үлкен қолдау тапқандығына мен өте ризамын», — деді тілшілерге Қазақстанға келген канадалық белгілі шебер, «Аше капоэйра» тобының басшысы Маркус Антонио де Сильва (Баххао ұстаз).

«Капоэйра бүкіл әлемдегі жастардың жүрегін жылдам әрі сенімді жаулап алуда. Ол тек өзін қорғауды және күшті болуды ғана емес, ақылды, шыдамды, өзіңдегі бұрын белгісіз болып келген шеберлігіңді және өзіңнің ішкі потенциалыңды дамытуға көмектеседі», — деді ол.

Бразилиялық капоэйра сайыс өнерінің мектебі Қазақстанда 2003 жылдың тамызынан бері жұмыс істейді. Ол Қазақстан мен Орта Азиядағы бірден-бір мектеп. Ол Канададағы «Аше капоэйра» академиясының ресми филиалы болып табылады. академияның филиалдары әлемнің 15 мемлекетінде жұмыс істейді. Олардың ең үлкендері Бразилия, Канада, АҚШ, Ресей, Франция, Мексика, Қытай, Түркия, Польша және Украина елдерінде орналасқан.

Бүкіләлемдік «Аше капоэйра» ассоциациясы шамамен алғанда 25 мың адамды біріктіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті